Уақыт туралы жумбақтар
Басына
биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.
(Жыл, жаз, қыс)
Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып,
Отыздан әр бірінде саусағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.
(Жыл, он екі ай, отыз күн)
Жерде
жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.
(Он екі ай, жаз бен қыс)
Ойдан
шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ.
(Жыл, он екі ай, үш жүз алпыс күн, күн мен түн)
Тауда
дарақ, екі бұтақ,
Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.
(Жыл, жаз, қыс)
Базардан
бір текемет алдым сатып,
Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран қатып.
(Жаз бен қыс)
Күзетші
бір-екі адам ол жаһанда,
Ораулы он екісі бір шапанда.
Ұстайды он екісі отыз шоқпар,
Қырық құрық даярлаулы қашағанға.
Қарасам жеңі бесеу ол шапанда,
Көрмедім бұндай шапан бұл жалғанда.
Аузы жеңдерінің бүрмеленген
Анықтап он екі пар түймеленген.
Апырмай, есебі жоқ толып жатқан,
Қиындық ойлап тұрсам тарау-тарау бұл не деген?
(Жыл, күн, жұма)
Алты арыстанды үш бөрі сорған,
Жілігін шақпай майын сорған,
Терісін теспей қанын сорған.
(Алты арыстан - алты ай жаз, үш ай тоқсан)
Аспанда
қаһарланған алты терек,
Ұясы алтауының бөлек-бөлек.
(Алты ай қыс)
Жолда
кеткен ақ қоян,
Жолға қарап отырды.
Қарға менен құзғынды,
Ұйқыменен жоқ қылды.
(Қыс)
Шақырса
келмес,
Жаяу жүрмес.
(Жаз)
Көрсең
реңді, қарасаң көрікті,
Ол болмаса жұрттың бәрі
Бір бәлеге жолықты.
(Жаз)
Екі
үлкен нар көрдім,
Бірінің жақсы нұры бар,
Бірінің жаман түрі бар,
Арасында үзілмес бұйда жібі бар.
(Жаз бен қыс)
Бір адамға он екі егіз,
Бір егізде біреусіз сегіз.
(Ай мен апта)
Шілдедей шуақ күні бар,
Бұлбұлдайын үні бар.
Көк шалғыны құлпырған,
Масатыдай түрі бар.
Қызықтырған адамды,
Неше түрлі гүлі бар.
(Мамыр айы)
Бір ұяда жеті жұмыртқа.
(Апта)
Жаралған
бұл дүниеде екі қақпақ,
Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Болғанда бірі қара, екіншісі -
Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.
(Күн, түн)
Алдымен қара тұлпар озық келер,
Арғымақ мойнын созып кейін келер,
Соңынан боз арғымақ басып озып,
Айналып бірін-бірі жүре берер.
(Түн, таң, күн)
Баяғыда
болыпты екі патша,
Бірі қуып бара жатса, бірі қашса,
Артында он екіден баласы бар,
Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса.
(Күн мен ай, он екі ай)
Үйрегім
бар еді үйде үш жүз алпыс,
Мұнша үйректі санап алу елдің салты.
Күніне бір үйрегім жоғалады,
Айтшы сен сол үйректі кім алады?
(Күнтізбе)
Бір
нәрсе дөңгелейді шыр айналып,
Келеді бір жеріне қайта айналып,
Қызықты мұндай нәрсе бола ма екен,
Отырар оны көрсе ер жайланып.
(Сағат)
Желсіз,
сусыз айналған бір диірмен,
Шыққан күннен айналып бірдей жүрген.
Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар,
Ақылың жетік данасың ойлап білген.
(Сағат)
Мен көрдім күн шығыстан бір
диірмен,
Түс болса тұрады екен оң бүйірден.
Ішінде қылдан нәзік бір жібі бар,
Ол жіпті қолы епті, кім иірген.
(Сағат)
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?
(Сағат)
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.
(Сағат)
Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.
(Сағат)
Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлей тұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.
(Сағат)
Дөңгелек аяғымен жер баспайды,
Жерінен уағдалы адаспайды.
Білімді қанша адам болса-дағы,
Бір адам біліміне таласпайды.
(Сағат)
Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз көлдің суын ішті.
Көрді де сол үйректі он екі арқар,
Үш жүз алпыс қозыға болды ішті.
(1 тәуліктегі 24 сағат, 1 айдағы 30 күн, 1 жылдағы он екі ай, 360 тәулік)
Айнала қорған салдым,
Ішіне жеті бөлме үй салдым.
Жеті үйдің ішіне бір әйнек,
Бір шырақ қойдым.
(Дүниенің төрт бұрышы, жеті күн, ай мен күн)
Он
екі үйрек, бір сұңқар,
Жағалап ұшып сымпылдап.
Отыз қызғыш төрт құзбен,
Айнала жүріп сұңқылдап.
(Он екі ай, 1 айдағы төрт жұма,
отыз күн)
Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы қара, бір жағы ақ.
(Жыл он екі
ай, 1 айдағы отыз күн, күн мен түн)