Сайт мәзірі
» » Ұйқасын тап (жұмбақтар)

Ұйқасын тап (жұмбақтар)

Өзiнше ноян,
Қорқақ кiм?..   (Қоян)

Үкiсi бар қарыс,
Бунағы көп…   (Қамыс)

Тұмсығымен шымшып,
Құрт тередi…  (Шымшық)

Бата алмас түлкi,
Үстi тiкен…  (Кiрпi)

Тастан тасқа секiрiп,
Жем тередi…  (Кекiлiк)

Көз алмай күнге алыс,
Қарайды…   (Күнбағыс)

Маңайын түгел көрiп,
Биiктен қарайды…   (Керiк)

Түнде үйге ерек нұр,
Шашып тұрды…   (Электр)

Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты…   (Жолбарыс)

Тауда жүрген тарғыл аң,
Ол қайратты…   (Қабылан)

Кезiп жүрген шаңдақты,
Көрдiм жаңа…    (Қаңбақты)

Жүндi жайып өрнектеп,
Шиге орап тептiк төпелеп.
Сосын аштық көрмек боп,
Дап-дайын тамаша…   (Текемет)

Өңешi кең таңдайын,
Дөнге тосты…  (Комбайн)

Төменге қарамай,
Көкке өрлер…  (Қарағай)

Алмастан тыным,
Шабады…  (Құлын)

Жағасында бұлақ
Жайылып жүр…  (Лақ)

Уылжыған албырт,
Дәмi ғажап…  (Алмұрт)

Шабақ аңдып жағада,
Шарқ ұрады…  (Шағала)

Сылдыр қағып,
Таудан құлап.
Жатыр ағып,
Мөлдiр…  (Бұлақ)

Аппақ доп тауып,
Шақырды ақ…  (Тауық)

Қалғиған қос құлақты,
Теңбiл түрi көрiктi,
Мекен жерi бұлақты,
Бiлемiсiң…  (Елiктi)

Бақта өскен сәнi бар,
Гүлi майда көрiктi.
Жемiсi бар дәмi бал,
Жақсы көрем…  (Өрiктi)

Дамыл таппай бiр мезет,
Жортумен жүр сүр…  (Көжек)

Көкте жарқылдап найзадай,
От шашты шатынап…  (Найзағай)

Күн жылынды көктем кеп,
Жонның бәрi…   (Көкпеңбек)

Жайқалып биыл шығыпты,
Тiгiп ем былтыр…  (Шыбықты)

Тор тоқып бермекшi,
Өзi ескен жiбiмен
Әлде кiмге…  (Өрмекшi)

Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы…  (Арыстан)

Бәрi бiрдей жұмысқа,
Шығатын кiм?..   (Құмырсқа)

Жүгiретiн қуанып,
Бала бiткен андыздап,
Қандай тәттi…  (Балмұздақ)

Дертке дауа шипалы,
Витаминдi күш – қуат.
Дәрмен құртпай жүйкенi,
Ауылға бар, iш…  (Шұбат)

Үнi ғажап,
Дүлдүл,
Бақта сайрар…  (Бұлбұл)

Орыннан-орынға ауысқан,
Ұшқалақ қарала…  (Сауысқан)

Есек құлақ,
Ол не?  (Құрақ)
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 29 740
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.