Балалар әлемі » Жұмбақтар » Ұқсас атаулар жайлы жұмбақтар
Ұқсас атаулар жайлы жұмбақтар
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы. (Ара)
Бiрiнен кисең бөрiктi,
Бiрiнен тiгiп,
Киерсiң киiм көрiктi. (Қамқа)
Санасаң,
Бiр үйде төртеуi бар.
Қаласаң,
Ауызды өртейтiн нәр. (Бұрыш)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды. (Өлең)
Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек. (Аяқ)
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.