Балалар әлемі » Жұмбақтар » Оқу-бiлiм және оның құралдары туралы жұмбақтар
Оқу-бiлiм және оның құралдары туралы жұмбақтар
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Бiлiм)
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)
Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз)
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан. (Сиясауыт)
Қабы сояу,
Дiнi – бояу. (Қарындаш)
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда. (Қалам)
Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын. (Сия)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау)
Күмiс алмұрт тiлi бар,
Сыңғырлаған үнi бар.
Шақыратын бiлiмге,
Сағаты бар, күнi бар. (Қоңырау)
Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi. (Қаламсап)
Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де. (Желiм)
Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)
Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi. (Класс)
Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi. (Глобус)
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)
Көкқұтанша ақ айдында,
Бiр аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (Циркуль)
Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран. (42 әрiп)
Елдерi мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегiс тақтай-ды,
Өзенi де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзiң тауып ал. (Карта)
Қаласы бар, елi жоқ,
Даласы бар, шөбi жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегiс,
Кең жазықтан әр түстi,
Шығыс пенен батысты –
Бар әлемдi табасың,
Өзiң таң боп қаласың! (Географиялық карта)
Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi. (Класс)
Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi. (Глобус)
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)
Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (Алфавит)
Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм. (Күнделiк)
Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не? (Күнделiк)
Кепкен жарғақ,
Шеңберге керiлген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгiлген. (Барабан)
Былғанышты жақтырмайды,
Ол бар жерде дақ тұрмайды.
Бiрақ тағы өз үстiнен,
Таза бiр жер таптырмайды. (Сорғыш)
Әңгiме, аңыз, ертегi,
Нотасы мен әнi бар.
Суретiн де көр тегi,
Қандай журнал бәрi бар? («Балдырған»)
Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi. (Парта)
Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп. (Тақта)
Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi. (Күнделiк)
Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл. (Керней)
Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)
Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған. (Бор)
Сансыз ойлар бетiнде,
Сайрап жатыр бар тiлде.
Қажетпiн мен әр күнде,
Өшпейдi бiр әрпiм де. (Қағаз)
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)
Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан? (Әлiппе)
Шәкiрт кездегi,
Бiлiмнiң безбенi. (Баға)
Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны. (Бiрлiк)
Жалқаумен бiр жүретiн,
Құдды қармақ iлетiн.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын бiлетiн. (Екiлiк)
Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бұйiрiнде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы. (Үштiк)
Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген. (Төрттiк)
Мектептiң алтын орағы,
Зейiндiлер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы. (Бестiк)
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады. (Сөйлем)
Сөздi құрап, доп тiземiн,
Қоя салсаң бiр тары,
Жаңалықты жеткiземiн. (Хабарлы сөйлем)
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)
Ұранды, шаттықты,
Өкiнiш, аптықты,
Бiлдiрiп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын. (Лептi сөйлем)
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.