Сайт мәзірі
» » Тұрмысқа қажеттi бұйымдар мен жабдықтар жайлы жұмбақтар

Тұрмысқа қажеттi бұйымдар мен жабдықтар жайлы жұмбақтар

Сәбиге сәндi үй,
Әжеге ән-күй.   (Бесiк)

Бесiкке iледi,
Әнiн де,
Дәмiн де,
Сәбилер бiледi.  (Сылдырмақ)

Шүберек қабығы,
Iшi құс мамығы.   (Жастық)

Мамығы бар,
Құс емес.
Жазығы бар,
Тыс емес.    (Жастық)

Ернi жырық–
Кiшкене сырық.   (Ұршық)

Зыр қағады дөңгелеп,
Бас жағында қалпағы.
Белiнде өспей әңгелек,
Басылмайды тарпаңы.   (Ұршық)

Әжемнiң қалпақты таяғы,
Қолына алса жүгiрер,
Шорланып белi бүгiлер.   (Ұршық)

Шыр көбелек айналып,
Жүгiредi бiр тынбай.
Белiне жiп байланып,
Шөмеле үйер құртымдай.   (Ұршық)

Әжем бұрымын,
Қазыққа кередi.
Жылжытам деп алға,
Қылышпен передi.   (Өрмек)

Сұлап жатқан дiңгегi бар,
Қатар тiзген iлгегi бар.    (Көген)

Қос iлгектi орындық
Атқа мiнiп алады,
Адам оны орын ғып,
Емiн-еркiн шабады.    (Ер-тоқым)

Атам илеп қайысын,
Қажет құрал тiледi.
Атқа, асау тай үшiн.    (Жүген)

Жүргек атқа кiсендi,
Салып едiм, үзе алмай,
Қос аяқтап күшендi.     (Тұсау)

Байласаң бұйда мұртына,
Жын толтырған ұртын.
Асау көнiп жетекке,
Жуасиды кiлт тына.   (Мұрындық)

Оны қақса сәйгүлiк,
Таста жүрер асыр сап,
Ол жоқта жай жүрiп,
Баса алмайды тосырқап.    (Таға)

Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.   (Таяқ)

Ұзын өзен,
Суы жоқ.     (Жол)

Мөлдiреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.    (Көзәйнек)

Тұра қалсам алдына,
Жалтыраған ақ айдын,
Өзiмдi — өзiм мен мына,
Көре аламын ап-айқын.     (Айна)

Өзi тұрғанымен мелшиiп,
Жап-жалтыр жүзiне,
Кетедi ел сиып.     (Айна)

Үскiнiң көп тармағы,
Қара орманды шарлады.
Қисықтарын түзедi,
Теп-тегiс түз ендi.     (Тарақ)

Танауында арқаны,
Бiр батып, бiр шығып,
Алға қарай тартады.    (Ине)

Көзiне шуда тағады,
Бөлектi құрап,
Ұшы жылмаң қағады.   (Ине)

Шылбырын сүйрейдi,
Жыртықты түйрейдi.   (Ине)

Гүлдерi бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркiм ұмтылған,
Киiм киер оңтайлы.   (Мата)

Сегiз тарам қайыстан,
Өрiмi бар бұзау тiс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс.    (Қамшы)

Қос таяқ,
Бастары дөңгелек.
Тұтасты
Кеседi бөлек-бөлек.   (Қайшы)

Жалғыз аяқ, тiлiк ерiн,
Тұмсығында найзасы бар.
Киiмдердi тiгiп керiм,
Адамға көп пайдасы бар.   (Iс машинасы)

Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Не жатып бiр сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап-дайын,
Тiк ұстап тұрар тақтайын.    (Орындық)

Адамдардың киiмiн,
Ұстап тұрар иығым.   (Киiм iлгiш)

Кiшкене тегештей
Қарыны бар кемештеу.
Құдды қайың берiшi,
Iшiнде шөл дәрiсi.    (Саптыаяқ)

Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр.    (Қайшы)

Тұтқасыз тобатай,
Ұнатар, көп апай.    (Оймақ)

Саусаққа киiп ем тобатай,
Иненi жүгiрттiм оп-оңай.   (Оймақ)

Iндi көп-ақ қазады,
Өзi шыға қашады.    (Бiз)

Тазалап ақ қағаз жүзiн,
Жоқ етер қарындаш iзiн.   (Өшiргiш)

Артық кемдi теңестiрер,
Дәндi де өзi жемес бiрер.   (Таразы)

Өзi өтпейдi,
Ал, өтпестi өткiзедi.   (Қайрақ)

Бiр қора дөңгелек,
Арлы-берлi дөңгелеп.
Әр нәрсенi тексерiп,
Санағанда тым зерек.   (Есепшот)

Жаңалықты
Үн-түнсiз таратады,
Барша жұртты
Бiр өзiне қаратады.   (Газет)

Қашық жердiң сәлемiн,
Тез-ақ алып келемiн.   (Телеграмма)

Ұшып түсер күн бiтсе,
Жоғалады жыл бiтсе.   (Күнтiзбе)

Үш тiлi тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.   (Сағат)

Бұрасаң тетiгiн,
Соғады жүрегi,
Өлшемiн түн мен күн,
Әркiм-ақ бiледi.    (Сағат)

Таспадай қағазға тiзiп,
Жазатын әрiптерi
Шұрық тесiк,
Нүкте мен сызық.  (Морзе алфавитi)

Сырты құдды алмұрт,
Қояды iлiп төбеге,
Оған құмар бар жұрт,
Ол сонда немене?   (Электр шамы)

Бассаң түймесiн,
Шашады сәулесiн.   (Электр шамы)

Тысы жылтыр,
Iшi жарқыл.    (Электр шамы)

Терезенiң тесiгi,
Таза ауаның есiгi.   (Желдеткiш)

Көгiлдiр түсi бар,
Тас балқытар күшi бар.   (Газ)

Кино менен концерттi,
Үйде қойып беремiн,
Жаңалығын бар елдiң.
Өз көзiммен көремiн.    (Теледидар)

Күндiз-түнi шатырдан,
Бiр түспейтiн қарауыл.
Кiндiгi үйге тартылған,
Көрiнедi бар ауыл.     (Теледидар антеннасы)

Жай да үнсiз тұрады,
Бiреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.    (Телефон)

Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киiмдердiң қыртысын,
Бередi тез жазып.    (Үтiк)

Қос рельстiң арасын,
Қоссам егер белдеулеп,
Биiкке өрлеп барасың.   (Саты)

Төрт аяғы, арқасы бар,
Жалпақ жайлы ортасы бар.
Ең алдына кiсiнi алып,
Сынайды ылғи күшiн анық.   (Орындық)

Екi ұшына
Екi шелек iлiп алды.
Қайқы таяқ
Иығыма мiнiп алды.   (Иiнағаш)

Күн нұрына қарық қып,
Үйдi тұрар жарық қып.   (Терезе)

Мөлдiр мұз арқылы,
Нұр төгiп күн тұрар.
Кең бөлме әр күнi,
Тазарып құлпырар.   (Терезе)

Көз алдыңа жайнаған,
Түсi судан аумаған.
Тегiс перде керiледi,
Бiрақ бәрi көрiнедi.    (Әйнек)

Сабы – таяқ,
Басы – қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап.    (Күрек)

Басы жұқа,
Тың күшi бар.
Сабы ұзын,
Ұңғысы бар.
Топырақты уыстап ап,
Лақтырады қуыс табақ.   (Кетпен)

Iшi салқын, мұзы бар,
Күнкей қашқан қой сынды,
Жылыда тез бұзылар,
Барша тағам тығылар.    (Тоңазытқыш)

Едендi кеп жаласа;
Қалдырмас ол түгiндi.
Аузына таласа
Бар қиқым жүгiндi,
Тазалауы тамаша,
Кiлем мен алаша,
Жайнайды қараса.    (Шаңсорғыш)

Кiр-қоқысты сүймейдi,
Сыртқа қуып сүйрейдi.   (Сыпырғыш)

Алақанымен
Үй iшiн аялайды,
Бiрақ,
Кiр-қоқысты аямайды.   (Сыпырғыш)

Екi басы қалта,
Ортасы алқа.     (Тұтқыш)

Сүрткен киiмi тазарып,
Өзi қалды тым арып.    (Сабын)

Кiр киiмдi қалайды,
Өзi кiрдi жалайды.
Суға түссе шомылып,
Дақты жояр талайғы.   (Сабын)

Кiрге суда кезiгедi,
Сүйкенем деп езiледi.    (Сабын)


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жұмбақтар
|
Көрсетілімі: 13 785
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.