Арапа Нұрғазиннің жұмбақтары
Көңілдегі ойынды
тіл айтады,
Заттардың бейне, түрін көз айтады.
Сөйлемесе кызыл тіл, көрмесе көз,
Ойыңды одан баска кім айтады. (қалам, қағаз)
Бір желаяқ көрінбейді
адамға өзі,
Сипалап бет-аузыңды қылар мезі.
Егерде шектен шығып ашуланса,
Дүниені бүлдірер болар кезі. (жел, дауыл)
Қолы бар, аяғы жок,
басы маймақ,
Сондада сырғанайды, ептеп жайлап.
Кетеді өз бетімен елді кезіп,
Қоймаса арқанменен оны байлап. (қайық)
Үйімнің төбесінде
жалпақ шатыр,
Сол шатырды көтеріп түр төрт батыр.
Ішіңде осы үйдің бір адам жок,
Үстінде шатырының заттар жатыр. (стол)
От ішіне кіруге қорықпайтын,
Бір жігіт бар ер жүрек қисық мойын.
Сиқыры бар ма онын таң қаламын,
Қып-кызыл жанып тұрған отты ұстайтын. (шымшуыр)
Бір аусар төбелеске
жақын тұрар,
Қарсыласып төбеден ұра берер.
Жұдырыққа қарсылас шыдай алмай,
Амалсыз төмен қарай бұға берер. (балға, шеге)
Болғанда жер
бетінде заман ақыр,
Дәу басының іші толған есеп-ақыл.
Адамдар туат деуші
еді аталарым,
Сол дәу басты бұл күнде туып жатыр. (компьютер)
Бір зат бар әрбір үйде
түйе табан,
Пайдаланып жүретін оны адам.
Іші от, сырты темір, құйрығы ұзын,
Осыны жасады екен қандай адам. (өтек)
Ішіне кірерінде кең
ашылар,
Үнгірдің сом темірден есігі бар.
Үнгірге кіргендердің бәрі мұңды,
Себебі шығатұғын есігі тар. (түрме)
Базардан бір табын
қой сатып алдым,
Кеш болғанда өріске айдап салдым,
Қойларды түні бойы шөпке тойған,
Таң атқан соң қораға жинап алдым. (жұлдыздар)