Сайт мәзірі

-Ә-

Әбдестесі - қолында,
Әбестігі жоқ оның да.



Әбдіраман Әбдіреден алды роман.
- Ал оқы, - деп тыңдай қалды оған.



Әбзел әбзелдессе, әзілдесіп әбзелдессе ғой



Әдейілеп әдемілеңкіренген әшекей әдемі



Әдепкі әдемі әдепке әдеттенген
Әбестік әбілет әдетке әдеттенбейді.



Әдепті әділдікке әдеттенген.
Әдетте, әділдік те әдептіден.



Әдіпті әдемі әдіптейтін әдісшіл
Іскер ісмер кім, таныс, біл.




Әз әженің әжімі де әжептәуір.



Әзілшіл жездеммен әзілдессең азырақ,
Әзірліксіз-ақ әдемі әзілге әзір-ақ.



Әйнексіз әйбәтсіз.



Әлді бала - әлдірек,
Әлсіз бала - тәлтірек.



Әріп әліпті әліптеме дей ме?



Әсем әсерсізді де әсерлеп әсемдейді.



Әжем әбігерленіңкіреп жүруге әдеттенген бе?



Әукім-әукім, әукелім,
Әудем жерде өріс бар,
Әр түрлі шөбі көп тау керім.




Әселі ән салады,
Әжесі тамсанады.
Әсеті там салады,
Атасы тамсанады.



Әжемнің әспеті -
Әуелден әспетті.



Әуесқойлыққа әуестенген
Әншінің әуені де әулекі.



Әупілдек әупірімдеп,
Әуес пе әлде көлде
Әупілдеуге «әуп, пірім» деп.



Әжем үш әшмүшке шай алдырды
Әзер-мәзер дегенде шөл қандырды,



Әтеш пен бөрте серкеш шекісті,
Әтешке көзін шұқытқан бөрте серкештің де,
Әкіреңдеген әтештің де беті істі.




Әшекейсіз әшекей әшейін әсерсіз әшекей.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жаңылтпаштар
|
Көрсетілімі: 2 075
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.