Балалар әлемі » Ойындар » Аңшылар мен қояндар
Аңшылар мен қояндар
Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады.
Екі жерде бір‑бірінен қашықтығы елу‑жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге –шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.