Балалар әлемі » Ойындар » Біз де
Біз де
Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз‑қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.
Ойын бастаушы: мен көлге барамын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: күшігім жейді.
Осы кезде біреу; «біз де», ‑ деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.