Балалар әлемі » Ойындар » Дауыста, атыңды айтам
Дауыста, атыңды айтам
Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез‑келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», ‑ дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.