Сайт мәзірі
» » Тымпи тымпи

Тымпи тымпи

     «Тымпи‑тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым‑тырыс, тымпи‑тымпи», ‑ дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл‑сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы‑мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ойындар
|
Көрсетілімі: 2 509
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.