Балалар әлемі » Ойындар » Тұтқын алу
Тұтқын алу
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір‑бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір‑бірлеп, «алал‑ай, бұлал‑ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір‑бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал‑ай, бұлал‑айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.