Балалар әлемі » Ойындар » Қассың ба, доссың ба?
Қассың ба, доссың ба?
«Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы:
‑ Көршіңмен қассың ба, доссың ба?‑ деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе:
‑ Ендеше достығынды көрсет, ‑ дейді. Сонда әлгі адам көршісінің шашынан сипапнемесе сүюі керек.
Егер «қаспын» деген жауап алса, ойынды жүргізуші:
‑ Ендеше, кіммен дос боласың? – деп сұрайды.
Сонда ол біреудің есімін айтады. Сонан соң ойын бастаушысұралған адамның сыңарынан:
‑ Көршіңді бересің бе, бермейсің бе? – деп сұрайды.
Егер бермеймін десе, ол сұраған адамның шартын орындауы тиіс.
Шарт ‑ өлең айту, билеу, жұмбақ шешу, әйтпесе бір жаза болуы тиіс.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.