Балалар әлемі » Ойындар » Әріп таңдау
Әріп таңдау
Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріпті: А. Б. В. Г. Д. Е немесе тағы басқа әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы:
- Сен қандай әріпті алдың?
- А.
Ойыншы басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.
- Атың кім?
- Асан.
- Фамиляң кім?
- Ахметов.
- Қайдан келдің?
- Ақтөбеден.
- Қайда барасын?
- Алматыға.
- Немен барасын?
- Автобуспен.
- Онда не өседі?
- Алма.
- Тағы не?
- Алмұрт, алша, абрикос.
- Сені Алматыда кім қарсы алады?
- Айдар.
- Оған сыйлыққа не әкелдің?
- Альбом, аквариум, атлас т.б. Осындай «А» әрпімен бастаушы келесі ойыншыға (басқа әріпке) әр түрлі сұрақтар қояды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, болмаса тоқтап қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді. Ойын жалғаса береді.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.