Сайт мәзірі

Айгөлек

    Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы он бес – жиырма метрдей жерде қол ұстасып қарама‑қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады:
Айгөлек‑ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізден сізге кім керек?
      Екінші топтың ойыншылары жауап береді:
Айгөлек‑ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Тебінгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек
     Шолпан атты (шақыратын баланың немесе қыздың атын атайды) қыз керек, ‑ дейді.
     Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егерде ол үзе алмаса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе – онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына ала кетеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол жақ ұтқан болып саналады.


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ойындар
|
Көрсетілімі: 2 359
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.