Балалар әлемі » Ойындар » Теңге алу
Теңге алу
Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды.
Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см
таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған
орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай,
теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда
тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері
бөтелкенің аузында тұған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі
адам шыққанда да сөйтеді. Ойындар арасында би биленеді, күй тартылады,
ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты
өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.