Балалар әлемі » Ойындар » Жасырынбақ
Жасырынбақ
Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз
қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.
Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні,
яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды.
Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу
рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері
керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған
ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі,
кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын
келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы
көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет
қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының
атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек.
Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай:
кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз
бетінше көмбеге кетулеріне болмайды.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.