Сайт мәзірі
» » "Аяқталмаған сөздер"

"Аяқталмаған сөздер"

"Аяқталмаған сөздер"

    Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.

Ойынның ойналу әдісі. Тақтаға 2 бағанға сөздер жазылады. 1-бағанға жуан, 2-бағанға жіңішке сөздер жазылады. Сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың орнына нүктелер қойылады. Балалар берілген дауысты дыбыстар арқылы сөздерді табады. Бұл ойынды жазбаша түрде жүргізуге болады, не болмаса топпен жарыс түрінде де өткізуге болады. Дұрыс жауапқа ұпай сандары беріледі. Тақтадағы мысалдар:

. т б . с .                          ж . ң . ш к .

қ . р . н д . с . м                к . з . л д . р . к

б . л . б . қ ш .                  . й н . к

. л т т . қ                          ш . й н . к

. л т . ң б .                        к . с .

    Ойынның нәтижесі: бұл ойын балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерінарттырп қана қоймай, жаңа білім алуы үшін де жақсы. Тапсырмалар орындай отырып, мынадай сұрақтарға жауаптар да алады. Дауыстылар мен дауыссыдар не үін керек, қандай дыбыстардың мағыналық ерекшеліктері үлкен? Қорытындылай келе, дауыссыздар мен дауыстылардың ерекшеліктерінің, маңыздылығының бірдей екендігін түсінеді. Қатаң дауыссыздар мен ұяң, үнді дауыссыздарды қайталап, есте сақтауда "Құрылысшы" ойынын да балалар бар ынталарымен ойнайды.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ойындар
|
Көрсетілімі: 3 164
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.