Балалар әлемі » Мақал-мәтелдер » ЖАНҰЯ, ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
ЖАНҰЯ, ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
Тәрбие - тәлімнен.
***
Өнегелі отаудың өрісі кең.
***
Келіні жақсының керегесі алтын.
***
Сүйіктің жоқта дүние суық.
***
Баталы сөз - балаға азық.
***
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
***
Алып - анадан,
Ат - биеден.
***
Екі жақсы қосылса,
Ай мен Күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасып таласар.
***
Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.
***
Туысы бірге кетпейді,
Түбі бірге түтпейді.
***
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
***
Ағайынды жігіттің отарында малы бар,
Жалғыз-жарым жігіттің шығыр-шықпас жаны бар.
***
Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Көп ақылдының інісі бол.
***
Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.
***
Ағайын — ағайынның айнасы.
***
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпаса одан жат жуық.
***
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.
***
Жыласуға көз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
***
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
***
Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл болады.
***
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл болады.
***
Туман туысқандай болмайды,
Тұрман құйысқандай болмайды.
***
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын жақын.
***
Жақынынды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
***
Қай қолынды кессең де,
Жанға батуы бірдей.
***
Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
Жамандығың сезілсе,
Жақын кісі жат болар.
***
Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.
***
Ағайында алтау босаң, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.
***
Жеткіншектен айырылған,
Жер таянбай тұрмайды.
***
Көлденең кісі көңілге қарамайды.
***
Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше.
***
Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.
***
Бас жарьшса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
***
Мыңнан жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
***
Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.
***
Келер кезек, терме тезек.
***
Көрмесе жат, көріспесе ұят.
***
Айға жетпес асыңды,
Ауылдастан аяма.
***
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
***
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсьш.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
***
«Сіз», «біз» — деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың - қарлығашың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
***
Апасының киген тонын сіңілісі де киер.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата — баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.
***
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
***
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
***
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
***
Бала, баланың ісі шала.
***
Балам — балым,
Баланың баласы — жаным.
***
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
***
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
***
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
***
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.
***
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жьшауық.
***
Жылайын деген бала әкесінің
сақалымен ойнайды.
***
Бала — ананың бауыр еті.
***
Бала қадірін балалы болғанда білерсің.
***
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
***
Бала - бауыр етің.
***
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
берсең екі жылар.
***
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
***
Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.
***
Отыз ұлым болса да орны басқа.
***
Немере етін жеп, сүйегін берер.
***
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.
***
Сүйгенін шұнағым дейді.
***
Сұлу, сұлу емес, сүйген сұлу.
***
Көш жүре түзеледі.
***
Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
***
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
***
Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.
***
Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей.
***
Жаным десе жан семіреді.
***
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
***
Қайғысыз қара суға семіреді.
***
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
***
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.