ҚЫРАҒЫЛЫҚ ПЕН САҚТЫҚ ТУРАЛЫ
ҚЫРАҒЫЛЫҚ ПЕН САҚТЫҚ ТУРАЛЫ
Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
***
Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.
***
Жау жағадан алғанда, бөрі етіктен.
***
Сезікті секемшіл.
***
Етікшіге жолама - бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.
***
Ақырын жүрсең — малаяқ,
Қатты жүрсең - қу аяқ.
***
Айла алтау, ақыл жетеу.
***
Жыланның уы басында болады,
Бейғамның жауы қасында болады.
***
Сақтықта қорлық жоқ.
***
Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.
***
Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.
***
Саяқ жүрсең сақтан.
***
Кезенген жаудың кезінен сақтан,
Сойқандының сөзінен сақтан.
***
Аузы күйген үріп ішеді.
***
Жаман айтпай жақсы жоқ.
***
Қауіп қайдан болса қатер содан.
***
Сауысқаннан сақ бол.
***
Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.
***
Күле кіріп, күңірене шықаннан сақтан.
***
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.
***
Бәледен машайық қашқан.
***
Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.
***
Жазым болса, быламыққа тіс сынар.
***
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
***
Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
***
Ежелгі жауда елдік жоқ.
***
Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.
***
Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар.
***
Дұшпан күле кіріп,
Күңірене шығар.
***
Дұшпан көзі төртеу.
***
Қастағы сояу көзді аңдиды.
***
Кек түбі — ойран.
***
Жер астынан жік шықты,
Екі құлағы тік шықты.
***
Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.
***
Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.
***
Көп жорытқан ит, күшәлаға жолығады.
***
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
***
Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.
***
Алысқан жауға арқанды көрсетпе.
***
Күрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген жау жаман.
***
Жауды аяған жаралы.
***
Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.
***
Ұйқы өліммен тең.
***
Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады.
***
Мың жаудан бір жансыз жаман.
***
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
***
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
***
Ордалы жыланмен ойнама.
***
Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.
***
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
***
Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.
***
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.