ЕР, ЕРЛІК, БАТЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ
ЕР, ЕРЛІК, БАТЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ
Ер азығы мен бөрі азығы жолда.
***
Үркер жиылып — ай болмас,
Кедей жиылып — бай болмас.
***
Істің ағы білінбейді,
Жігіттің бағы білінбейді.
***
Ер жолдасы — тәуекел
***
Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.
***
Ердің ісі — елдің мойнында,
Елдің ісі — ердің мойнында.
***
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
***
Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді.
***
Ерді ел теңгерер.
***
Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр қазаны ер көтерер.
***
Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.
***
Қонған жердің қадырын көшкенде білерсің.
***
Ерлік - елдің сыны.
***
Ерлік білектен емес, жүректен.
Елін сүйген ер болар.
***
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
***
Ер сыншысы — елі.
***
Ер шекіспей бекіспейді.
***
Ер талабы өр мегзер.
***
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
***
Ер арыса — аруақ,
Ат арыса — тулақ.
***
Қашпақ, қумақ — ерге сын,
Көшпек, қонбақ — жерге сын.
***
Қабырғалы қара нар,
Кабырғасын сөксе бақ етпес.
***
Сарымай сасымас,
Батыр саспас.
***
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
***
Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.
***
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
***
Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.
***
Батыр жарасыз болмас.
***
Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.
***
Аман ердің аты шығар.
***
Болат бүгілмес, морт сынар.
***
Палуанға оң-терісі бірдей.
***
Ерді кебенек ішінде таны.
***
Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер котерер.
***
Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар.
***
Ердің екі сөйлегені өлгені.
***
Ер өлсе де, аты өлмейді.
***
Ер аруағы - қаруы.
***
Ер тарықпай, молықпайды.
***
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
***
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
***
Ер — ырыстың кілті.
***
Ерді қорласаң - састырар
Асты қорласаң — құстырар.
***
Еменнің иілгені сынғаны,
Ер жігіттің ұялғаны — өлгені.
***
Ер жолдасы тәуекел.
***
Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.
***
Ер басына күн туса,
Бұта түбі үй болар.
***
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.
***
Ердің атағы туырлықтай,
Өзі бұлдырықтай.
***
Айнымас жүрек, ер көңіл,
Ер жігіттің серігі.
***
Ер жігіт үйінен шықса,
Үйіріне қосылады.
***
Алып анадан, ат биеден.
***
Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.
***
Тәуекел тау жығады.
***
Күш атасын танымас.
***
Шешінген судан тайынбас.
***
Алыстан ердің дәрпі бар,
Қасына келсе баладай,
Алыстан таудың дәрпі бар,
Қасына келсең обадай.
***
Уайым түбі теңіз,
Батасың да кетесің.
Тәуекел түбі қайық,
Мінесің де өтесің.
***
Ерді көрсең қыдыр тұт,
Асты көрсең қадыр тұт.
***
Тәуекел ет те тас жұт.
***
Ажал жетпей өлмек жоқ.
***
Бөрікті тастап, бөріден құтылуға болмайды.
***
Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.
***
«Әит-шүу» деғен атанға күш,
«Әуіп» деген жігітке күш.
***
Жауға жанынды берсең де, сырынды берме.
***
Айласыз батыр алдырар.
***
Бөріден қорыққан орманға бармайды.
***
Кебенек киген келеді,
Кебін киген келмейді.
***
Тәуекел тас жарады.
***
Төуекелдің кемесі суға батпас.
***
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.
***
Бақ-бақ еткен текені,
Қар жауғанда көрерміз,
Батырсыған жігітті,
Жау келгенде көрерміз.
***
Көз — қорқақ, қол — батыр.
***
Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.
***
Алыссаң — атаң да болса жық,
Аясаң — көтеріп жібер.
***
Қорадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.
***
Өзің өлсең ол,
Жолдасынды жауға берме.
***
Жаман жолдас жауға алдырар.
***
Жолдасын тастаған жолда қалар.
***
Әлін білмеген олек.
***
Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
***
Қорыққан бұрын жұдырықтар.
* * *
Қорыққанға қос көрінер.
***
Қорқақты көп қусаң, батыр болар.
***
Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
***
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
***
Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме.
***
Таспа, — тасыған су да қайтар.
***
Болмас іске болат бол.
***
Ер қанаты — ат.
***
Ерді намыс өлтірер.
***
Ер жігіт үйде туып,
Түзде өлер.
***
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
***
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
***
Жүк ауырын нар көтерер,
Ел ауырын ер көтерер.
***
Батырдың қаһары — еліне қорған.
***
Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.
Үлкен бастар, кіші қостар.
***
Ерлік - ел есінде.
***
Еліне сенген еңкеймейді.
***
Ұланы бар елдің ұраны бар.