Сайт мәзірі

Дала


Кісінеп, табысып,
Суларын шала ішіп
Шабады құлындар
Желменен жарысып.

Көлдерін сағынып,
Көк сағым жамылып,
Әндетіп қаз-үйрек
Келеді ағылып.

Шалғынның суылы,
Жапырақ сыбыры...
Тербейді даланы
Торғайдың шырылы

Қыратқа жиылып,
Құлпырып киініп,
Тұрады қызыл гүл
Далаға иіліп.
Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жыл мезгілдері туралы
|
Көрсетілімі: 1 914
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.