Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы » ЖАЗҒЫ ТАҢ
ЖАЗҒЫ ТАҢ
Жып жылы түн маужырап
Көтерілген жерден бу
Саф күмістей жарқырап
Тыныш жатқан тұнық су
Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп,-
Таң атсын деп жайнап гүл-
Өсіп балам ер жетіп
Таң атқанда жалбарып
Тәңіріге құлдық қылғаны
Ісіне оның таңданып
Көңілі хаққа сынғаны
Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен
Қосылысып есен-сау
Бал алысқан құмармен
Шырылдап торғай аспанда
Бытпылдығы ән қосып
Шала-шансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып
Міне, алтын таң атты
Күншығыстан ағарып
Көтеріп зұлмат қанатты
Жер де кетті жаңарып
Таң, Күн деген жер жаны
Екеуінсіз жоқ сәні
Оқу-білім – ер жаны
Жараспас ерге құр жаны.
Қосты: Мағжан Жұмабаев
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жыл мезгілдері туралы
|
Көрсетілімі: 4 878
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.