Сайт мәзірі

Шуақ


Көктегі күн қуатты,
Шашып еді шуақты,
Қасат қар мен мұз еріп,
Сай-салаға су ақты.

Құстар үні өрлеген,
Тоғай жақтан желменен
Жетті ауылға хош иіс,
Көкіректі кернеген.

Көкмайсалы мамырда,
Біздер шықтық шабырға.
Маңай қандай әдемі,
Саяхатта, дамылда.

Қоңыр самал тұр есіп,
Қыр құлпырған гүл өсіп.
Жыр да кепті құстардың
Қанатына ілесіп.

Қарадық біз соншалық,
Көрініске тамсанып.
Шаттық жырын бөлісіп,
Бұлбұл жатыр ән салып.

Қауызында бүрлеген,
Құлпырады гүл деген.
Қазбауыр бұлт қалқиды,
Күн жолында көлденең.

Шуағы мол шалқыған,
Жерге сіңіп, шарпыған
Бейбіт көктем бой жазды,
Жұпар исі аңқыған.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жыл мезгілдері туралы
|
Көрсетілімі: 2 432
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.