Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы » Жыл мезгілдерінің тартуы
Жыл мезгілдерінің тартуы
— Ағылды сайға қар суы,
Көктемнің қандай тартуы?
— Күн көзі жерге қуатты
Төгеді нұрлы шуақты.
Жер жыртып, тұқым себеміз,
Жайнайды гүлмен көбеміз.
— Тараған көпке арайы,-
Несімен қызық жаз айы?
— Су жылып, құм да қызады,
Ыстықтың жақсы ұзағы.
Шомылып көлге, гүл теріп...
Қызық көп көрсең үлгеріп.
— Сыйлайды бізге қаласа,
Күз күні қандай тамаша!
— Дархан-ай дейді күзіңді,
Алмұрт, алма, жүзімді,
Басқа да жеміс жейсің ғой,
Бәрі де балдай дейсің ғой.
— Қызығын қандай құшақтап,
Келеді бізге қыс аппақ?
— Жүресің қарға омбылап,
Тұрсаң да тайып, он құлап.
Алма бет бала атанып,
Қайтасың үйге шаттанып.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.