Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Туған жер туралы » Отан
Отан
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.