Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Туған жер туралы » Мен қазақ боп туғаныма мақтанамын
Мен қазақ боп туғаныма мақтанамын
Қарсы тұрып қас жауына қаптаған,
Ешбіріне ар-ожданын сатпаған.
Бағы тайып бодандықтан жүрсе де,
Дархан пейіл, жомарттығын сақтаған.
Мен қазақ боп туғаныма мақтанам.
Бір ғасырда мың жығылып, мың тұрған,
Желтоқсанда қанатынан қырқылған.
Бірақ талмай азаттыққа ұмтылған,
Абай, Мұхтар Қаныштардай ұл туған.
Мен қазақпын деп әлемге мақтанам.
Желбіреген аспан түсті байрағы,
Батыр елмін барыс сынды айбары.
Мен қазақпын деп айтуға мақтанам,
Ынтымақты бұзылмаған қаймағы.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.