Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Туған жер туралы » Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан- өлең, Отан- жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.