Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Төрт түлік, аң-құстар » ТҮЙЕШІ ЖЫРЫ
ТҮЙЕШІ ЖЫРЫ
Сезбейміз күннің аптабын,
Күйдіріп құмды жатқанын.
Алшаңдап, маң-маң басатын
Аруана кілең баққаным.
Дүрілдеп дауыл, жел тұрып,
Жатса да бұлттар жөңкіліп,
Жүреміз еркін, алаңсыз,
Даланың үстін толтырып.
Шөлге де біздер шыдаймыз,
Желге де біздер шыдаймыз.
Күтпейміз ерек күтімді,
Елге де сосын ұнаймыз.
Жағады бізге бар дала,
Жайлымыз біздер жанға
Аспаны биік қыр үшін
Жарасар қандай аруана!
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 2 509
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.