Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Төрт түлік, аң-құстар » Зеңгі баба
Зеңгі баба
Зеңгі баба — сиырдың
Мойны жуан бұқасы.
Шөбін жейді қиырдың,
Бойында май тұтасып.
Салыңқы кең әукесі,
Шүйкесі де білеудей.
Қайық тұмсық дәу төсі,
Аяғы шомбал тіреудей.
Басын бұлғап шайқаса,
Ай мүйізі жалтылдар.
Белге шықса жай баса,
Тұяғы айыр сыртылдар.
Сиыр бақсаң күтімдеп,
Сүт, май кетпес шарадан.
Дәмі балдай құтын көп,
Аямайды баладан.
Әукім, әукім, торпағым,
Сүтің мәлім аймаққа.
Жеке жемей, шорқағым,
Бізді шақыр қаймаққа.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.