Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Төрт түлік, аң-құстар » БОТАҚАН
БОТАҚАН
Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп,
Енең жүрген далаға
Көп қарайсың елжіреп.
Қасыңда өзім тұрмын ғой,
Досың барын білдің ғой.
Сенен ұзап кетем бе,
Шыр айналып жүрмін ғой.
Өзгелердей алысып,
Ойнамайсың жарысып.
Көтере алмай аяғың
Кетер ме екен майысып.
Жүресің тек монтиып,
Қос өркешің селтиіп.
Қарап жүріп қорқамын
Қала ма деп жел тиіп.
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 3 166
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.