Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Әртүрлі » Тізбек сөздер
Тізбек сөздер
Айнұр, Айдын, Асқар, Арман, Ақерке, Айгүл алтауымыз
Азаттың ауылына аттандық. Ауылда алма,
Алмұрт аса көп екен Алтауымыз Азаматтың
Ауылын арбамен араладық, Азаматтың ағасына
Алғыс айттық
***
Екі тіреу,
Басқышы біреу
***
Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
***
Азаматпын, жатпаймын,
Алма ағашты баптаймын,
Ақтауда тұратын,
Ағама алма сақтаймын
***
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, еріңбе.
Адамдықты көздесең
Жай тоқып ал көңілге
***
Алты деген –
Алты қабат аспан бар.
Алты қабат аспаннан да асқан бар.
***
Арып – ашып,
Арық аршыдық,
Арық – ашып,
Арып – ашыдық
***
Әжем ертіп әкелді,
Әкем сатып әперді.
Әйнек салды әйнекші,
Әдемілеп пәтерді.
***
Әлияны тербетіп,
Әжесі отыр әндетіп.
Бұғы бұлақ басында,
Бұзауды бар басында.
Баской бөрі бұларға,
Бұғын жатыр асуда.
***
Әтеш әнге бастауы,
Әтеш ұйқы ашады.
***
Бірқазан мен Бөдене,
Байқамады дәнеңе.
Бүркіт аңдып екеуін.
Бастамақ бір пәлені.
***
Лашын құс биіктен,
Лып етіп шүйілді.
Лақ ерткен киіктер,
Лажсыздан жиылды.
***
Туған айым, толған айым
Толған айдан толып
тұрып толғанайын.
Табанда табаны қышыды,
Табаны шамалы қышыды
***
Мақталарды мақтаймыз,
Мақтаны көп қаптаймыз.
Маса жайлы мақтаған
Мәлімет еш таппаймыз.
***
Отан – Ана,
Отан – жер,
Отан – дана,
Отан – ел.
***
Ораз барды орманға,
Оншақты оған бала ерді
Омарташы оларға,
Ожау-ожау бал берді.
***
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы.
Нан пісірем десем мен,
Нұрмаш,
Неге
Нанбайсың?
Нанбасаң сұра Нұрадан,
Нағашым Назар
Наубайшы.
***
Оразды
Ойлаушы ек,
Орнықты ойлы деп,
Олай боп шықпады –
Орынсыз
Ойыны көп
Өзін-өзі сынай білмеген адам,
Өзгенің ісін бағалай білмейді.
***
Ойлап барсам орманға,
Оспан да жүр сол маңда.
***
Омартадан бал жедік,
Олег дос та болғанда
***
Өрісіне қарап мал өсер,
Өзеніне қарап тал өсер.
***
Жая, мая, сая.
Аяз, пияз, сия,
Аяқ, таяқ, қия.
Шаян, қоян, ұя.
Бәрінде бар я.
Иә?!
***
Сергек Серік,
Сертке берік,
Сабағын көп оқиды,
Серігіп алып
Сара келіп сабақтан,
Сан шаруа тындырды.
Самаурынға салатын,
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қуырды,
Сонсоң сауды сиырды
***
Яша менен Якуда
Ялтаға барды жақында.
Янтарь жайлы сөз етті,
Ялталық бір ақынға.
***
Кең пейілін ұқтырып,
Көрсетті деп мықтылық,
Барлық әріп «Я» ны
Құрметтейді тік тұрып.
***
Төрт дегенім –
Төрт түліктің төлдері.
***
Тас тостаған,
Тас тостаған ішіне,
Тас тастаған.
***
Төрде тұрған тақтадан,
Түрлі бейне тапты ағам,
Тоқылдақ, Торғай, Тырнаны,
Торпақ, тышқан, Тұлпарды,
Терек, тауық, тырманы.
***
Таңнан тұрып,
Тай мініп,
Тауда таза жүгірттім.
Таңқурай жеп сай қуып,
Таңдайымды жібіттім.
***
Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.