Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Әртүрлі » ОЙНАР ЕДІМ
ОЙНАР ЕДІМ
Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен,
Құлдыр-құлдыр құлынмен,
Ұзын тұмсық піліммен.
Салпаң құлақ күшікпен,
Сақалы жоқ мысықпен.
Тікенекті кірпімен,
Тілі сүйрік түлкімен.
Тағы, тағы, тағы мен
Ойнар едім бәрімен.
Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен.
Тәтем маған:— Жат енді,
Көп ойнадың сен,— дейді.
Өзімнің де тәтемді
Ренжіткім келмейді.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.