Сайт мәзірі
» » » Сәлем саған, мектебім!

Сәлем саған, мектебім!

Мектеп, мектеп!
Төңіректеп
Жүруші едім мен кеше.
Сұраушы едім,
Әпкем кітап бермесе.

Қалам алып,
Сурет салып
Үйренгенмін бақшада.
Суретімді
Мақтап жүрді
Жақсы апа мен жақсы аға.

Міне, мен де
Үлкен болдым –
Жасым толды жетіге.
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен.

Таңнан тұрып
Бетім жуып,
Кітабымды реттедім.
Сәлем саған,
Келем саған,
Көп аңсаған, мектебім!

Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әртүрлі
|
Көрсетілімі: 8 716
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.