Сайт мәзірі

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚҰРДАСЫМ!...

Тарих –кесіп кіндігін,

Халық – ашқан түндігін:

ТӘУЕЛСІЗДІК-

Құрдасым,

Біз – төліміз бір күннің....

 

Жалғап нұрлы жолды алға,

Болам елге қорған да:

Еркіндікпен –

Егізбін,

Он жастамын,

Ол да – онда!...

 

Атам менің желпініп:

«Ер жігіттің – серті нық!...

Құрдасыңа сай болып,

Көрсет, - дейді, - өр қылық!...»

 

Биік болса мақсатты ой,

Құрдас... деген жақсы –ақ қой!

Асып –тасып кей –кейде,

Кеткім келер бастап той!...

 

Асқақтату ізгі әнді,

Өрлік дер ем бұл дағы:

Өйткені өмір – Ұлы той,

Тарқамайтын думанды...

 

Бойкүйездік жат маған,

Елім еркін,

Шат заман!...

Мен: Әлемге –

ТӘУЕЛСІЗ,

ҚАЗАҚПЫН, - деп мақтанам!...


Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Мерекелер туралы
|
Көрсетілімі: 11 219
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.