Сайт мәзірі

САҚШЫ


Қарамайды ол дауылға,
Қарамайды ол жауынға.
Күзетеді қас қақпай,
Туған жердің тауын да.

Қарамайды ол күніңе,
Қарамайды ол түніңе,
Күзетеді қас қақпай,
Туған жердің гүлін де.

Көл сыбырын біледі ол,
Жел сыбырын біледі ол.
Көк орманның шайқалған
Әр шыбығын біледі ол.

Бұлақ күліп ақса да,
Қүстар сайрап жатса да,
Тыныштығын бәрінің
Күзетеді сақшы аға!

Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Кәсіптер туралы
|
Көрсетілімі: 2 092
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.