Сайт мәзірі
» » » Тоғыз теңге болса да берші

Тоғыз теңге болса да берші

      Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжі қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп:
-    Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? - деп сұрайды.
-    Ақшаны көп берсең сатамын, - дейді.
-    Кәне, қаншаға бересіз? - дейді кісі.
-    Он екі теңге бер.
-    Жеті теңге берейін.
-    Жоқ.
-    Болмаса сегіз теңге берейін.Осылай таласып, нарық тоғыз теңгеге шыққанда, Қожанасыр оянып кетіпті. Оянса қоразы да, алушы да, ақша да жоқ. Қожекең дереу көзін жұмып: «Тоғыз теңге болса да берші!» - деп қолын созады.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Аңыз ертегілер
|
Көрсетілімі: 3 200
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.