Сайт мәзірі

Үш жалқау

     Ертеде бірінен  –  бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру екен. 
    Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау: 
     – Е... құдай, мына өріктер піссе, - депті. 
    Екіншісі: 
    –Ауызға келіп түссе, - депті. 
   Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп: 
   –Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті.


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 23 057
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.