Сайт мәзірі
» » Арыстан мен түлкі

Арыстан мен түлкі

      Арыстан  қартаяды.  Аңдарды  бұрынғысындай  аулай  алмайтын  болады. Енді  аңдарды  айламен  аулағысы  келеді. Өзі  үңгірде   жатады да:
- Аурумын, жүруге   әлім жоқ, – деп,  барлық аңдарға хабар таратады.   Аңдар  бір-бірлеп арыстанның   халін  білуге  келеді.  Арыстан  аңдардың  біреуін  де қайтармайды.  Бәрі де   арыстанға  жем болады.           
Бір күні  түлкі  келеді. Ол үңгірден  алысырақ  тұрады да:
 -   Халіңіз  қалай, тақсыр? – деп  көңілін  сұрайды.
-  Халім нашар. Неге жақынырақ  келмейсің? Берірек  кел, түлкіжан, азырақ  сөйлесейік? – дейді арыстан.  Түлкі:           
- Мен саған  жақын  барар едім-ау,  бірақ саған  кірген із бар да,  шыққан із  жоқ! – деп жүріп кетіпті.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 26 737
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.