МҰЖЫҚ ПЕН СЫЛКЫМ
(Батыс Белоруссия ертегісі)
(Батыс Белоруссия ертегісі)
Біздің ертегіміз басталады. Ол сіз туралы емес, біз туралы да емес, патшаның сылқымы мен ақылды, мұжық туралы болады.
Мұжық ұра қазып жатып бір бөлек алтын тауып алды, алтын тауып алды да ойға қалды.
«Мұны қайда қоямын? Бұған қалай тоямын? өзімде сақтасам мырза алып қояды. Мырза алып қоймаса, басқарушы алып қояды, ал басқарушы алып қоймаса, старшина алып қояды. Онан да алтынымды патшаға алып барайын. Патшаға сыйға тартайын. Патша маған наград берер, ол наградты ешкім де ала алмас», — дейді.
Сөйтіп, мұжық жаңа шарығын киіп, патшаға кетеді. Көп жүре ме, аз жүре ме, кім білсін, әйтеуір патшаға жетеді. Оның алдында тұрған күзетші мұжықты тоқтатып:
– Сен мұжық қайда барасың?
– Мен патшаға барам.
– Саған не керек мұжық?
– Қарағым, жақыным жұмысым бар еді. Жібер мені, өте мүқтажбын,–деді мұжық, өтінеді мұжық.
Сонымен, күзетші мұжықты жібереді, мұжық екінші, үшінші, төртінші күзетшіден де өтеді, барлығы да жібереді.
Мұжық патшаның бөлмесіне келіп жетеді. Патшаның бөлмесінің алдында патшаның жуан, қызылкүрең бетті, бет-аузы ай табақтай сылқымы тұрады, ол:
– Сен қайда ентелеп келесің мұжық?
– Ә, мен патшаға, әкеміз — патшаға.
– Патшаға, онда не ұмытып қалдырып едің сен?
– Мен мына бір кесек алтынды тауып алып едім, патшаға тартуға алып барамын.
– Алтын? ым-ым! Көрсет.
Мужық алтынын көрсетті. Сылқым талып қала жаздап, есін жинап алып:
– Егерде, мейірімді досым патшаның берген сыйлығының маған жарымын берсең жіберемін, болмаса, жібермеймін, кет әрі, — деді.
Енді не істеу керек?
– Жақсы мырза, берейін.
Сылқым мұжықты патшаға жіберді. Мұжық үйге кіреді.
– Есен-саусыз ба патша ағзам, мен сізге алтын тарту әкелдім, — дейді.
Алтынын патшаның қолына ұстата береді. Патша:
– Бұл тартуыңызға не берейін?
– Патша мырза, оған нан бер, нанның қабыршығын, қаттысын күйгенін бер, — дейді.
Патша ақ нан әкелуге бұйрық етті. Ақ нан әкелінді, мұжық ақ нанға қарап:
– Жоқ патша мырзам, мен бидайды өсірдім, ордым, қырманға салдым, қызылдадым, еледім, суардым, тазалап, кіршіксіз маржандай еттім, бірақ ешуақытта мұндай аппақ мақтадай нанды жеп көргенім жоқ. Енді жемеймін де, маған қара нан болса екен, — дейді... !
Патша ағзамның барлық даяшы малайлары патша сарайын елек көзінен өткізгендей етіп қарап шықты. Бірақ бір тістем де қара нан таба алмады. Есік алдында қайыршы тұр еді, қайыршыдан бір жапырақ қара нан сұрап алып, әкеліп береді.
Мұжық рақаттанып жеп алды.
– Саған енді не берейік, мұжығым?
– Енді жақсылап ұйықтап алсам екен патша ағзам, — деді мұжық.
Мұжыққа құс жастық, мамық төсек дайындатты. Мұжық мамық төсекке қарап жымың-жымың етеді.
– Бұл маған лайық төсек емес, мен мұндай мамық жүн беретін қаздарды бақтым, қақтым, осындай мамық төсек жасайтын жүндерін жұлдым, бірақ мамық төсегінде ұйықтап көргенім жоқ. Маған бұршақтың (сабағы) соломы болса екен, — деді мұжық.
Бір көлік жүгіндей бұршақ соломы әкелінді, мұжық телпегін жастық етті де ұйықтап кетті. Бүкіл патша сарайын басына көтеріп қорылдады. Ұйқысы қанды, орнынан тұрды.
— Рахмет патша ағзам, мен мүлде азырақ қоқырсыттым, былғадым. Ол үшін маған жүз қамшы дүре соғыңыз, — деді.
– Ау, қалай дүре соғам саған, сен маған алтын тарту тартпадың ба!? Алтын сыйламадың ба?!
– Әй, патша ағзам, маған жүз дүре соғуыңызды өтінемін, — дейді мұжық өкініп.
Енді не қылу керек!? Қамшы әкелінді, мұжықты соға бастайын деп еді, мұжық ойбай салды, ойбай салды да:
– Тоқтай тұр, патша ағзам, менің серігім бар.
– Серігің кім?
– Мен сізге келе жатқанымда, есік алдында тұрған бір үлкен сылқым, мені сізге жібермеді. «Егер патша берген сыйдың тең жарымын маған берсең жіберемін деді. Мен оған беремін деп уәде бердім. Сол сыйымның жарымын алатын мырзаны әкелдіріңіз, маған соғылатын жүз дүренің елуін әуелі соған соғыңыз, сонан соң қалған елуін маған соғыңыз, — деді.
Мырзаны алып келеді, мырза дір-дір етіп:
«о-о-о-», — дейді.
– Ешнәрсе етпейді мырзам, мен сені алдамаймын, қалай уәде еттім, солай тең жарымын саған берем, — дейді мұжық.
Сылқымды жатқызып дүре соға бастады... «Бұл сылқым сізге беріле қызмет еткендіктен, сіз менің сыбағамды да соған беріңіз патша ағзам, — дейді мұжық.
Тағы елуді соға бастады. Барлығы жүз болды.
Жұрт, сылқымға жүз дүрені соғып болғанша мұжық телпегін қолтығына қысып алып, есік қайдасың деп жытып отырды. Мұжыққа патшаның адамгершілігінен, еркелетуінен аулағырақ болу керек, онан мужыққа келетін игілік жоқ.