Сайт мәзірі
» » Өткен замандағы хикаят сөз

Өткен замандағы хикаят сөз

Өткен замандағы хикаят сөз

             Бұрынғы заманда бір түлкі жакын маңайдағы қалаларға түнде барып көшелерін, базарларын аралап, күндіз  түсіп қалған ет, май, ондай-мұндайларын теріп жеп жүреді екен. Бір күні түнде баяғы қалпынша қыдырып жүрсе,  бір  бояушының лапкесі   ашық  қалған  екен, соған кіріп, һәмме денесін бояп алыпты. Тіміскілеп жүріп   тамағын   тойдырып   алып   өзінің   сахарадағы мекеніне барыпты. Басқа сахарадағы  арыстан, қабылан, жолбарыс я басқа көп аңдар таң қалыпты:

— Бұл бізге көктен түскен патшамыз шығар,— деп, арыстан астындағы тағын түсіп беріпті. Қу түлкі бұлардың қорыққанын біліп:

— Мен көктен түскен патшаларыңмын,— деп, өзін-өзі мақтап, көп заман сахарадағы аңдарға хүкім дауа жүргізіп, таққа мініп, патша болып тұрды, һәм неше түрлі аңдар қызметінде болып, қолдарын қусырып тұрдылар. Бір күні түнде басқа атыраптағы түлкілер уланып өліпті. Түлкілердің өлгенін естуімен мұның асылы һәм түлкі болған соң, бұл һәм өліпті. Арыстан бұның өлгенін біліп бас салып пәре-пәре қылып тастапты: «Неше заманнан бері бізді алдап жүрген екен: «мен сіздерге көктен түскен патшамын»,— деп. «Әлін білмеген әлек» деген сөз сықылды өзін-өзі жоғарыға санаймын деп, өзі-өзіне ажал тапқызды.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 2 770
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.