Сайт мәзірі

Қу түлкі

Қу түлкі

Жолбарыс  бір  түлкіні   ұстап   алады.  Түлкі   құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді.

Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

— Мүмкін емес,— дейді.

—  Сенбесең,  менімен  бірге  орманға  жүр.   Ондағы   барлық аңдардың  менен  қалай қорқатынын  өз  көзіңмен  көр, — дейді түлкі.

Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:

— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.

—  Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 11 401
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.