Сайт мәзірі

КӨРСЕҚЫЗАР

– Сиыр өрiстен аш қайтып жүр, шөп орып әкелсең-шi, – дедi шешесi Ерланға. Үшiншi класта оқитын балаға бұл сөз бе екен, демде тындырды.

Велосипедiнiң белдемесiне көлденең артып әкелiп тастады да, үйдiң қалқасында көлеңкелеп отырды.

Жем терiп жүрген бiр балапан орылған шөп тыққан қапқа қарай ұмтылды. Қаптың үстiне лып етiп шығып алды да, бүйiрiндегi алақандай тесiкке тұмсығын тығып, шоқи бастады.

Дән таба алмады ма, әлде, мол дүниеге жалғыз өзi емiн-еркiн кенелгiсi келдi ме, тыпырлап, тырмысып жатыр.

«Шашылып жатқан жемдi жемей, қапқа қызыққаны несi?» – деп таңданды Ерлан.

Осы кезде екiншi балапан жүгiрiп келдi. Ол да қаптың үстiне секiрiп шықты. Басын қалт-құлт шайқап, таңдана қарады. Көрсе қызар балапанның құйрығынан жанына батыра шоқыды.

«Көрсе қызарланып қаптың тесiгiнен кiрiп кетпесең де болар едi ғой», – деп күлдi Ерлан.

Сөйтiп отырғанда, қаптың iшiнен аянышты шиқыл естiлдi. Сiрә, екiншi балапанның шоқығаны жанына батқан секiлдi.

Ерлан балапанды аяды да, қаптың iшiнен шығарып жiбердi.

«Бұдан былай көрсеқызар болма!» – дедi саусағын безеп.


Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 2 465
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.