Сайт мәзірі
» » ЖОЛ ҮСТIНДЕГI ЖЕКПЕ-ЖЕК

ЖОЛ ҮСТIНДЕГI ЖЕКПЕ-ЖЕК

Әкесi екеуi далада тұрған едi. Гүрiлдеген жеңiл ма-шинаның дауысы құлаққа шалынды да, iле бұлардың жанына келiп тоқтай қалды. Машина iшiнен екi ер адам және он төрт, он бес жас шамасындағы қара торы бала түстi. Баланың қолтығындағы шахмат тақтасы Мақсұттың да, әкесi Ардақтың да көзiне бiрден шалынды. Қарақаттай екi көзi мөлдiреп, жалын атып тұрған Мақсұт өткен жылғы көктемде аудан орталығы Мақаншы мектеп оқушыларының шахматтан өткен бiрiншiлiгiн ойлады. Бұл жарысқа өзi де қатысып, қарсыласының бәрiн таза жеңген ол аудан чемпионы атанып, болашақта облыста өтетiн бiрiншiлiкке жолдама алған едi.

Машинадан түскендер бұлардың жанына келiп өздерiн таныстырды. Ақсуат ауданының адамдары екенi. Баласының аты Серiк. Ол да өз ауданында өткен шахмат жарысында чемпион атаныпты. Әкесiнiң айтуына қарағанда, ол қатарынан бiрнеше ойыншымен қатар ойнап, барлығын жеңе беретiн талант көрiнедi. Мұны естiген Ардақ ұлына қайта-қайта жалтақтаумен болды. «Бiр рет ойнап жiберсе болар едi. Сонда Мақсұтым өзiнiң өнерiн көрсетер» деп ойлады iшiнен. Ал Мақсұт болса, «Ешбiр нәрсеге қарамай қазiр-ақ ойнар едiм. Оған амал қанша» деп үнсiз тұрғанда:

– Қазiр айтулы шахматшылармен жол үстiнде де ойнап iрi-iрi жеңiстерге жетiп жүр, – деп ұлына масаттана қарады бейтаныс жолаушы. Серiк те маңғаздана түстi. – Бiрақ өкiнiшке орай мұнымен бұл ауданда ойнайтын ойыншы жоқ екен, – деп сөзiнiң соңын Мақ-сұттың қытығына тигiзе сөйлеп едi, Мақсұттың әкесi шыдай алмады:

– Отағасы, менiң баламмен ойнап көрсе қайтер едi, – деп айтуын айтып қалса да, өзi бiр ыңғайсыз жайға қалғандай болған. Сол-ақ екен, Серiк қолтығындағы шахмат тақтасын жайып, тастарын тiге бастады. Серiк-тiң папасы бiр қолына ақ, бiр колына қара шахмат тасын жасырып, Мақсұтқа «Қане, қайсысын қалайсың?» дегенi.

– Маған бәрi бiр, – дедi Мақсұт. Онан соң көп ойланып тұрмай-ақ: – Оң қолыңыздағы менiкi болсын, – дедi. Мақсұт ақ таспен ойнап, жүрiстi бiрiншi бастаған. Екi жақтың да тiлеулестерi демiн iшiне тартып, үн-түнсiз қалған. Алғашқы ойын көпке созылған жоқ. Мақсұт жеңiл ойнап, жеңiске тез жеттi.

– Бұл жолы асығыс болды, қайта ойналық, – дедi Серiк қызарақтап. Мақсұт басын изеп үнсiз келiстi. Бұл жолы ойын шиеленiсе түстi.

Ұзақ ойналды. Алайда жеңiс Ардақтың ұлының үлесiне тиiп 2:0 есебiмен Серiк ұтылып қалды.

«Бiз әлi кездесемiз. Сонда көрермiн», – деп ойлады Серiк iшiнен. Оның папасы болса, баласының көңiлiн жұбатқандай болды. «Ештеңе етпейдi, ондай-ондай болады. Бұл жолы өзi тым асығыстау ойналды. Шахмат асығыстың ойыны емес, ол уақытты өте мол қажет ететiн өнер» деп бiраз көңiл жұбату сөздер айтты. Ал, Мақсұт-тың әкесi Ардақ болса баласының жақсы ойнағанына, тапқырлығына iштей риза болған. Бiрақ, ұлына iшкi сырын сездiрмедi. «Асықпай, ойлана ойнасаң қашан да ойын жеңiсi өзiңе тиедi» деп қойды.

Бұл кезде бейтаныс жолаушылар машинаға отырып жылдам кетiп қалуға асыға түскен едi.


ӨРТ

Күн сенбi. Сабақтан шыққан Мақсұт Жарбұлақ селосының жағасынан он бес шақырым жердегi үйiне бармақшы болып велосипедпен жолға шықты. Ол әр демалыс сайын совхоздың бiр отар қойын бағып жүрген әке-шешесiне барып, олардың көңiлiн көтерiп, бiр уақыт өзiнiң қолқабысын тигiзiп, көмектесiп қайту оның соңғы кездерi бойына сiңген жақсы әдеттерiнiң бiрi едi.

Мақсұт күндегiсiндей емес, бүгiн өте көңiлдi. Ол екi пәннен қатарынан қос «бестiктi» бiрдей алған. Содан ба, әлде үйiне барып, ертең әкесiмен бiрге қыраттарға шығып, қой бағысып, күзгi табиғат көркiн тамашалайтындығын ойлағандықтан ба, әйтеуiр, көңiлi тым көтерiңкi. Көк велосипедiмен еңiс-ылдиларда зырылдатып, белес-белес кезеңдерде баяулатып келедi. Күн көзi ашық болғанымен қарсы алдынан аздап соққан самал бар. Ауылға жақын қалғанда төменгi сайда көршiлес отырған Аршынбай деген шопан бар едi. Ендi мiне сол шопанның үйi лаулап жанып, өртенiп жатқанын көрiп, бойы түршiгiп кеттi. Мақсұттың тұла бойы бiр ысып, бiр суып екi бетi тызылдады. Арғы беткейден Аршынбайдың әйелi ойбайлап, бажылдап зыр жүгiрiп келедi екен. Мақсұт ойланбастан, тура өртенiп жатқан үйге тартты. Жақындап келiп, үйдiң iшiнде шырылдап жылап жатқан жас баланың даусын естiдi. Не iстеу керек? Жас баланы мына тiлсiз жаудан қалай құтқарып аман сақтап қалу керек? Өрттi сөндiрiп болғанша бiрталай уақыт өтедi. Ол уақытқа дейiн кiм бар, кiм жоқ. Қой, бұлай қарап босқа тұрмау жөн, iске кiрiсу қажет. Қара қою түтiнмен араласа лапылдап жалп-жалп етiп лаулаған жалын үйдiң тек бiр жақ босағасын алып барады. Ендi сәл кешiксе, ана шаңырақ та өртенiп опырылып ортаға түсерi хақ. Бала да бiр тажалдың жақындап келе жатқанын сезiп, онан ары жан ұшыра бебеу қағып безiлдейдi. Тамағы қарлығып қалған ба, бала үнi қырылдап шығады. Мақсұт қас-қағым сәтте лапылдап жанып жатқан қызыл күрең жалынға қойып кеттi де, үйдiң iшiне кiрiп жоқ болды. Үй iшi қара түнек. Көкiрегiн қоңырсыған жалын аралас көк түтiн қарып, тұншықтырып барады. Шырылдаған жас баланың зар қағып, безiлдеп жылаған дауысы Мақсұттың дәл жанынан естiледi. Ащы түтiн, ыстық жалын, жанып жат-қан мүлiктер мен кереге, уықтардың қорқынышты шытырлаған дыбыстары Мақсұттың есiн шығара алмады. Ол асығып, аптығып, сасқан жоқ. Әлгi баланың дауысы шыққан жаққа екi қолын iлгерi соза түсiп алға ұмтылып келедi. Лаулаған жалын мен көк түтiн арасынан ешнәрсенi көре алмайды. Көзiнен жас та шықты. Ашытып барады. Бiрақ, Мақсұт шыдады.

«Қалай болғанда да мына сәбидi құтқаруым керек» деп тiстенiп алды да, «осы тұста болу керек» деп ұстай алғаны жанып жатқан көрпе не киiз болып шығады. Қолы отқа қарылып, көйлегi де жана бастаған. Безiлде-ген баланың жылауы әлсiреп бара жатқанға ұқсайды.

Мақсұттың қолы ақыры балаға да тидi-ау, әйтеуiр Денесiнiң күйе бастағанын елеместен, баланы қапсыра құшақтап, далаға қарай құстай ұшты. Бетiн, қолын аздап жалын шалғаны болмаса бала аман екен... Көп ұзамай Мақсұттың өрт оқиғасынан болған аздаған жаралары жазылып, мектепке келдi.


Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 2 182
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.