Сайт мәзірі
» » «ӨТIРIК АЙТПА, ӨЛТIРЕМ!..»

«ӨТIРIК АЙТПА, ӨЛТIРЕМ!..»

Жақиымның бiр жақсы жерi баласының санасына жақсылық егедi. Бiр жолы ол баласы Бақыманға:

– Өлтiрiп жатса да өтiрiк айтпа. Өтiрiкшi бала өскесiн болады, сұйық болады. Сұйық болғасын өмiрi оңбайсың, от басасың. От басқасын табаның күйiп қалады, – деп түсiндiрдi.

– Мен өтiрiк айтпаймын.

– Өтiрiк айтпа! – деп, Жақиым леп белгiсiмен бекiттi.

Сол күнi Жақиым түнiмен теледидардан хоккей көрiп, төсекке мезгiлiнен ауып барып аунады. Есесiне ертеңгiсiн баласы оятып алды.

– Әке, бүгiн демалыс па?

Жәкеңнен жауап болмады. Бетiн бiр уыс сумен сыпырып жiберiп, тайғанап жүрiп киiнiп, Бақыманға бiр ауыз бұйрық бердi:

– Бол, тез!

– Әке, кешiктiк қой, мұғалiмге не дейiн?

– Не дейсiң, құлағым ауырып, әкеммен емханаға бардым дейсiң.

– Ұрыспайсың ба?

– Не деп ұрсам?

– Өтiрiк айттың деп.

– Онда автобус тоқтап қалды де.

– Ұрмайсың ба?

– Не деп?

– Өтiрiк айттың деп.

– Неге ұрамын, автобустың тоқтап қалғаны өтiрiк пе? Өтiрiк айтпа, өлтiрем!..


Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 1 919
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.