СЫЗЫҚТАР
– Мынаны бiлесiңдер ме? – дедi мұғалiм тақтадағы өзi сызған үзiк-үзiк белгiлердi көрсетiп.
– Сызықтар, – дедi балалар хормен.
– Ендi осы сызықтарды, мiне, былай тiк созсақ не болады?
Балалардың көбi үнсiз калды. Әнуар мен Қасым қол көтердi.
– Бiр деген цифр шығады.
– Дұрыс айтасыңдар. Ендi екi сызықтың үстiңгi жағын бiр-бiрiне түйiстiрiп, арасын көлденең сызықпен жалғап көрелiк, неге ұқсар екен?
– А-А, – дедi балалар бiрден.
– Көрдiңдер ме, мына жәй ғана сызықтардың осындай қасиетi бар. Сызықтар арқылы үйлердiң стадиондардың, космос корабльдерiнiң жобалары да жасалады. Сендер ендi осы бастан әр сызыққа мән берiп, қағазға әдемi етiп сызып үйренiңдер.
Қасым қол көтердi.
– Айта ғой.
– Апай, мына Әнуар күнде жолға бормен қисық-қисық сызықтарды сызып кетедi.
– Өзiң ше? – дедi Әнуар есесi кеткендей.
– Мен сен сызған сызықтардан үй жасаймын ғой.
– Бұларың дұрыс емес. Көшенi текке былғайсыңдар. Қағазға түскен сызық әдемi болады. Қағазға сызып үйренiңдер, – дедi мұғалiм.
Балалар қағаздарына үңiле қарасты.