Сайт мәзірі

ҚОС ҚЫРСЫҚ

Бiр күнi дастарқан басында екi қырсық ұшырасып қалды. Алдарында сынық сүйем шұжық бар едi.

– Сен тура, – дедi бiрiншiсi.

– Жоқ, сен тура, – дедi екiншiсi.

– Жоқ, сен тура.

– Сен тура...

Екеуi шұжықты бiрiне-бiрi итердi. Әрi-берi ығыстырып отырғанда, шұжық еденге түсiп кеттi. Ендi олар:

– Сен көтер.

– Жоқ, сен көтер, – деп ерегестi бiрiмен-бiрi. Ертеден берi терезе алдында басын қисайтып қызығып отырған мысық сол сәтте еденге секiрiп түстi де, шұжықты ала қашты.

– Ал, қу соңынан!

– Жоқ, сен қу! – деп, қос қырсық ауыздары аңқиып қала бердi.


Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 1 594
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.