Сайт мәзірі
» » ЕРЖҮРЕК ИЛЬКО

ЕРЖҮРЕК ИЛЬКО

Мамыр айының аяғы болатын. Немiс фашистерi басып алған Украина жерiндемiз. Партизандардың шағын отрядын басқарып Мартыновка тұсына келдiм. Ұзақ жолдан кейiн демалып жатқанбыз. Кенет маған бiр партизан жүгiрiп келдi.

– Жолдас командир, осы маңайда бiр малшы бала жүр, ертiп келейiн бе?

Бала бiздiң даусымызды естiп қойса керек, ендi өзi бiзге қарай аяңдады. Бiз оны үн-түнсiз қарсы алдық. Ол бейтаныс кiсiлерден тосырқар емес. Оның жалаң аяқтарын күс басқан, үстiнде тозығы жеткен костюм, басында қара кепка.

– Партизансыңдар ғой, ә? – дедi ол бiзге тайсалмай.

– Иә, партизанбыз! – дедiм мен.

– Командирлерiңiз кiм?

– Менмiн. Атың кiм?

– Илько. Мен де партизан болғым келедi, – дедi ол, маған жалбарына қарап. – Мылтық атуды бiлемiн. Осы маңда винтовкалар тығып қойғанбыз. Михайло досым екеумiз мас полицайлардан алып қашып кеткенбiз. Қазiр барып алып келейiн! – деп, жүгiрдi де кеттi. Тапа-тал түсте, орман iшiнде мылтықтарды арқалап жүрген баланы бiреу-мiреу көрiп қалса, шатақ болады-ау деп бiз қатты састық.

– Баланы алыстан бақыла, – деп, бiр партизанды жүгiрттiм. Көп ұзамай әлгi партизан қайтып оралды да:

– Бала қайтып келе жатыр. Қолында мылтық түгiл, шыбық та жоқ, – дедi.

Бiр кезде аяғын сүйрете басып бала да келдi. Өзi көңiлдi-ақ. Бiзге қарап күлiп қояды. Сөйтсек, ол екi винтовканы екi аяғына кендiрмен байлап алып, сүйретiп келген екен. Бiз баланың тапқырлығына қайран қалдық.

– Партизан отрядына менi де алыңдар, ағатайлар! – дедi бала, тағы да жалынып.

– Мақұл! – дедiм мен. – Тек үш күннен кейiн түн iшiнде Луковица хуторының маңындағы тоғайға кел. Ең сенiмдi достарыңды ертуiңе болады.

... Үш күннен кейiн Илько бiздiң отрядқа келiп қосылды. Ол өзiмен бiрге жолдасы Михайло мен мұғалiм Михаил Тимофеевичтi ерте келдi. Ильконың әкесiн фашистер асып өлтiрiптi. Шешесi де жау қолынан мерт болған. Бiзге қарай аттанатын түнi Илько өздерiнiң үйлерiне орналасқан немiс комендатурасын гранатамен күлiн көкке ұшырыпты. Мәз-мәйрам мас болып жат-қан фашистер түгел қырылған көрiнедi.

– Бiздiң ешқайсымыз гранатаны лақтырып жарудың жолын бiлмейдi екенбiз, – дедi Михаил Тимофеевич күлiп. – Содан соң балалар үйдiң төбесiне шығып, гранатаны сабанға орап, от қойды. Селодан шыға бере бiз тарсыл-гүрсiлдi естiдiк. Ильконың үйi жанып жатты.

– Әке-шешемнiң маңдай терiн төгiп тұрғызған үйiн фашистердiң жын ойнағына қайтiп қалдырам? – дедi бiзге Илько.



Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 4 402
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.